"Киносына бармаңдар, жынды, тобыр болмаңдар": Танымал режиссер Нұрлан Қоянбаев туралы ел күтпеген мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Киносына бармаңдар, жынды, тобыр болмаңдар": Танымал режиссер Нұрлан Қоянбаев туралы ел күтпеген мәлімдеме жасады

"Киносына бармаңдар, жынды, тобыр болмаңдар": Танымал режиссер Нұрлан Қоянбаев туралы ел күтпеген мәлімдеме жасады

Танымал режиссер, елге кеңінен танылған "Шал", "Келін" кинотуындыларының режиссері Ермек Тұрсынов ел күтпеген мәлімдеме жасады.

  • 1 Қараша
  • 330
Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ермек Тұрсынов Ұлысмедиа порталына кеңінен сұхбат беріп, қазақ жастарының қазіргі проблемаларын тізіп берді.

«Кейбіреулер сен неге қазаққа тіл тигізесің дейді. Кімге енгді тіл тігізуім керек? Орысқа ма, неміске ме? Өзім қазақ болғаннан кейін, әрине қазаққа тіл тигізесің. Сен неге осындай жалқайсың? Сен неге осындай надансың? Неге сонша құдайшыл болып кеттің, аяқ астынан… Ешқашан ондай болмаған, мен де ауылда өстім ғой. Ешқашан молда отырған жоқ, дастарханның басында, үлкендер отыратын, ақсақалдар. Ақсақалдар той болса, жоқ біреулерді жерлеп жатса да, ақсақал бастайды да, ақсақал бітіреді осымен. Соңғы сөз ақсақалға беріледі. Еліктемеңдер, жынды болмаңдар, тобыр болмаңдар, кітап оқыңдар. Дұрыс кітап оқыңдар, дұрыс кино көріңдер. Бармаңдар Қоянбаевтың киноларына деп қанша жыл бойы айтып келе жатырмын, бірақ мені тыңдайтын адам жоқ қой.

Біздің жастар шындықты іздеп жүр. Рухани кедейлік… Шындықты діннен тауып жатыр, өйткені олардың сұрақтары көп, ал исламда жауап көп. Кез келген сұраққа жауап дайын тұрады. Дін деген де ол да бір бөлек идеология… Өте мықты, көне заманнан келе жатқан дайын жауаптар бар кез келген сұраққа. Ал, біздің билікте, ал біздің қазіргі ақсақалдарда, ақсақалдардың өзі де жоқ қой, шалдар көп. Оларда ондай дайын жауап жоқ. Сөз айтатын ақсақал қалмады бізде… Ақсақалдар былай тұрсын, бір лауазымды, бетке ұстар азаматтар, сенетін, көпті көрген, ондай азаматтар жоқтың қасы… Көбісі сол дін жолына кетіп қалды… Олар адасып жүр деп айта алмаймын, бірақ өздерінің осындай бір жолын тауып алды. Ал, қалғандары жүр, тиктокта, инстаграмда… Сондықтан бір қазір жас буынды жоғалтып алдық», — деді режиссер.