"Айлықтары аз, обал": Биыл мемлекеттік қызметкерлер сыйақы алмайтыны рас па? - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Айлықтары аз, обал": Биыл мемлекеттік қызметкерлер сыйақы алмайтыны рас па?

"Айлықтары аз, обал": Биыл мемлекеттік қызметкерлер сыйақы алмайтыны рас па?

Ал қарапайым қызметкерлерге жыл соңында сыйақы бермеу — обал!

  • 5 Қараша
  • 17
Фото: ЖИ ұсынған

Биыл мемлекеттік қызметкерлер сыйақы алмайды деген ақпарат жылт ете қалды. Бұл ақпарат қайдан шықты, министрлік не деп жауап берді? Caravan.kz медиа порталының материалында.

Сол салада істеген адам ретінде қоғам белсендісі Шыңғыс Мұқан пікір білдірді. Мемлекеттік қызметкерлердің басым бөлігінің айлығы аз, көбі жыл соңында үнемделген қаржы есебінен берілетін сыйақы алып, бір “байып” қалады.

Ал басшылар, оның ішінде саяси қызметкерлердің айлығы жоғары.

Ал қарапайым қызметкерлерге жыл соңында сыйақы бермеу — обал!

Әдетте мұндай шешім орталықтан түседі. Шешім қалай шығады: “Биыл жағдай қиын. Бюджет тапшы. Сыйақыны кесейік” десе, қолдай кететін сопақ үстелдің басындағылардың көбінің қосымша кірісі жоқ емес, сондықтан оларға мұндай шешім қабылдау оңай.

«Жан-жақты ойластырылмаған, оның салдары зерттелмеген, көздеген топтың өзіне сұрау салмай қабылдаған шешімнен кейін мемқызметкерлер жаппай жұмыстан кетеді деп айта алмаймын. Қарапайым қызметкерлер қайда барсын? Қолынан басқа не келеді? Айлығын қиып тастасаң да, кіріп-шығып жүреді. Бірақ олардан драйв күтпе. Сонымен бірге мемқызметте істегісі келетін жастар легін күтпе», — деп жазды ол өзінің Фейсбук парақшасында.

БАҚ тарапынан қойылған сұраққа Қаржы министрлігі жауап берді.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 29 тамызындағы №1127 қаулысына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төлеу, материалдық көмек көрсету, лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу бюджет қаражатын үнемдеу есебінен ғана жүзеге асырылады. Осы қаулы арқылы шығыс баптарының нақты тізбесі айқындалған. Олардың есебінен үнемдеу қалыптасқан жағдайда ғана сыйақы төленуі мүмкін (іссапарларға, коммуналды және көлік қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, үй-жайларды жалға алуға және т.б. шығыстар бойынша үнемдеу).

Бүгінде аталған қаулыға, сондай-ақ басқа да заңнамалық актілерге сыйақыларды шектейтін өзгерістер енгізілмегендіктен мемлекеттік қызметшілерге сыйақыларды беруге тыйым салатындай негіз жоқ. 

Қаржы министрлігінің осыған дейінгі хабарламасында Үкімет қаулысының нормаларын бұлжытпай ұстану қажеттігі және бағдарлама әкімшілерінің қызметкерлерді тізбеде көрсетілгендерден бөлек бюджеттік баптардан қаражатты сыйақыға пайдалануға жол бермеу туралы айтылған болатын. Инвестициялық жобаларды іске асырудан және/немесе мемлекеттік аппараттың жұмысына әсер етпейтін материалдық активтерді сатып алудан үнемделген қаражат бюджетке қайтарылуға тиіс», — делінген министрліктің ресми жауабында.