"Балалар мектептен қараңғыда қайтады": Министр жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Балалар мектептен қараңғыда қайтады": Министр жауап берді

"Балалар мектептен қараңғыда қайтады": Министр жауап берді

Үш ауысымдық мектептерден бөлек, қатты қажеттілік болса, сабақты қысқартуға болады, бірақ қысқартылған сабақтың 5 минуты каникулда немесе жазғы уақытта өтелуі керек. Себебі қауіпсіздікпен қатар білім сапасы да сақталуы шарт. Бұл министрдің жауабы.

  • 7 Қараша
  • 18
Фото: Caravan.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова балалар мектептен қараңғыда қайтады дегенге жауап берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Өзіне ыңғайлы жеке жұмыс графигін жасап алып, балаларды сабақтан барып алып қайтып отырсын. Балаларын мектепке апарып, әкелу үшін жұмыс уақытында жұмыстан кете алады»- деді министр.

Оның айтуынша, министрлік біртұтас уақыт белдеуі бойынша шешімді қайта қарау туралы бастамалар енгізуді жоспарлап отырған жоқ.

Бүгінде екі ауысымда оқитын мектептерде сабақ уақытын қысқартуға болмайды. Білім басқармалары сабақты тек ыңғайлы уақытқа қоя алады. Ал үш ауысымдық мектепте сабақ уақытын қысқартуға рұқсат беріледі. Мәселен, Павлодарда жеті мектепте 40 минуттық сабақ өткізуге рұқсат беріледі. Бірақ артынан қысқартылған уақыт өтелуі шарт.

Бұдан бұрын Уақыт белдеуі мектепке қалай әсер етіп жатыр деген материал жаздық.

Қоғам белсендісі Ришат Асқарбекұлы да уақыттың тез өтіп, шаруасының бітпейтінін айтып шағымданды.

«Сағат күндізгі 4-тен кейін жұмыс істеуге зауқың соқпайды. Шаруаң бітпейді. Қас қарайған соң, көп жұмыс( құрылыс, өндіріс, сауда) тоқтайды. Еңбек өнімділігі күрт төмендейді. Экономикаға салмақ емес пе?

Сағат күндізгі 5 болмай бүкіл ғимарат ішілік, көше шамдары жанады. Қаншама электр қуатын артық тұтына бастадық. Бұл ең бірінші- тұтынушының, бизнестің, қарапайым халықтыңтың қалтасына салмақ емес пе?

Айналайындар, бірыңғай уақыт белдеуі дегеннен бас тартайық», — деді ол.