Келесі жылдан медициналық анықтамалар цифрлық форматқа ауыстырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Келесі жылдан медициналық анықтамалар цифрлық форматқа ауыстырылады

Келесі жылдан медициналық анықтамалар цифрлық форматқа ауыстырылады

Келесі жылдан бастап медициналық анықтамалардың сегіз түрі электрондық форматқа ауысады.

  • 11 Қараша
  • 6
Фото: bbc

Енді азаматтарға өздерімен бірге қағаз анықтамаларды алып жүру қажеттілігі болмайды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Цифрлық форматқа ауысқан соң медициналық ұйымдар жалған анықтамалар жасай алмайды», — деді денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов.

Электронды форматқа ауыстырылатын анықтамалар:

— Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы;
— 075 / е «Медициналық анықтама»;
— 026 / е «Дәрігерлік-консультациялық кеңес қорытындысы»;
— 073 / е «Көлік тізгіндеуге рұқсат туралы анықтама»;
— 069 / е «Санаторийлік-курорттық карта»;
— 052-2 / е «Баланың денсаулық паспорты»;
— 076 / е «Қаруға рұқсат алу»;
— 038 / е «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама.