"Болашақ көшбасшылары" жобасының кейіпкері Әлібек Тіналиев өзі туралы айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 493.85
  • 519.04
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Болашақ көшбасшылары" жобасының кейіпкері Әлібек Тіналиев өзі туралы айтып берді

"Болашақ көшбасшылары" жобасының кейіпкері Әлібек Тіналиев өзі туралы айтып берді

Бейнероликтер топтамасы елімізден тыс жерлерде, өзге мемлекеттерде табысқа жетіп жатқан қазақстандықтар туралы баяндайды.

  • 17 Қаңтар
  • 7
Фото - Caravan.kz

Қазіргі таңда жоба кейіпкерлерінің еңбектері жоғары бағаланып, жетістіктері жаһандық деңгейде танылуда, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Жобаның әр кейіпкерінің тарихы — ерекше және қызыққты оқиғаларға толы өмірлік тәжірибе. Жоба кейіпкері Әлібек Тіналиев Qatar Insurance Company компаниясының аға вице-президенті және бүкіл МЕТТА аймағына (Магриб және Таяу Шығыс елдерінің жалпы саны 355 млн адам) жауапты маман.

Qatar Insurance Company — Парсы шығанағы аймағындағы Дохадағы ең ірі сақтандыру компаниясы. Компания 1964 жылы құрылып, S&P рейтингінде «А» рейтингін алды.

Әлібек компанияның цифрлық және бөлшек сауда бағыттарын дамытумен белсенді түрде айналысады. Оның күш-жігерінің арқасында компанияның бөлшек сауда бағыты жылына 35% — ға дейін өсе бастаған.

Әлібек Тәлиевтің әскери және экономикалық бағытта екі жоғары білімі бар. Қазақстанда өмір сүрген уақытында логистика, той полиграфиясы саласында бизнеспен айналысқан.

Әлемдегі ең ірі компаниялардың бірінде өз міндеттерін орындаумен қатар, ол белсенді өмір салтын ұстанып, жүгіру марафондарына да қатысады.

«Табысқа жету үшін пайдалы әдеттерді қалыптастыру маңызды. Әдеттер бізді қалыптастырады. Ертерек тұру, спортпен шұғылдану, пайдалы нәрсе оқу бізге жақсы ықпал етеді. Мен компанияға келгенде барлығын нөлден бастадым. 2 жыл ішінде команда жинадым. Мақсатқа жету жолында ең бастысы еңбек, талпыныс, міндеттердің айқындылығы», — дейді Әлібек.

Әлібекке зор денсаулық, жұмыста табыс және амандық тілейміз!