"Автотұрақ арқылы халықты тонауды тоқтатыңдар": Проблемамен күресу басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Автотұрақ арқылы халықты тонауды тоқтатыңдар": Проблемамен күресу басталды

"Автотұрақ арқылы халықты тонауды тоқтатыңдар": Проблемамен күресу басталды

Халыққа тиесілі жерді жергілік билік өкілдері халықтың рұқсатынсыз қалай жеке кәсіпкерлерге автотұрақ үшін берген?

  • 13 Қараша
  • 18
Фото: forbes.ru

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы автотұрақ мәселесімен күресіп келеді. Айтуынша бұл барып тұрған тонау, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Астанадағы ақылы тұрақтар туралы депутаттық сауал жолданған. Мұндай проблема Алматы мен Шымкент қаласында да бар. Аталған проблемамен күресу басталды.

Ақылы автотұрақтарға халықтан ақша алуға мүмкіндік беретін норма 2019 жылы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске кіріп кеткен. Кодекстің 597-бабы, «Көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу» деп аталады.

Сол жерде: « 4-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары айқындаған, көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған орындарда орынтұраққа қойғаны үшін төлем төлеуден жалтару – үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

4-2. Осы баптың 4-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады» — деп жазылған.

Біріншіден, Заңның бұл бабы автотұрақ мәселесін реттеуге арналмаған. Бұл бап жол қозғалысындағы көліктерге қатысты. Баптың тақырыбында автотұрақ туралы сөз жоқ. 

Екіншіден, ақылы автотұрақ қойылған жердің жанында балама ретінде тегін автотұрақ жоқ.

Үшіншіден, ақылы автотұрақты қоятын кәсіпкер. Оның ақысын төлемегендерге мемлекет айыппұл салады. Демек мемлекет кәсіпкердің мүддесін қорғаумен айналысып отыр. Негізінде бұл кәсіпкер мен адамдардың арасындағы азаматтық құқықтық қатынас. Азамат автотұрақтың ақшасын төлемесе бұл мәселе АЗАМАТТЫҚ КОДЕКС арқылы шешілуі керек.

Төртіншіден, Заңда «орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған» деп тұр. Қаладағы ақылы автотұрақтарда арнайы жабдық жоқ, тек бір көлік келіп камераға түсіріп кетеді, бітті. Жүргізуші тұрған уақытын өзі есептеуге мәжбүр, бұл қате.

Бесіншіден, 100 теңге төлемеген адамға 13000 теңге айыппұл салады. Бұл жасалған әрекетпен жазаның сәйкессіздігін көрсетеді.

Алтыншы, ақылы автотұрақтың жауапкершілігі жоқ, ол тіптен көліктің қауіпсіздігіне де жауап бермейді.

Осылардың барлығын ескере келе Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 597-бабының 4-1, 4-2 бөліктері алынып тасталды. Бұл жұмыс тобын білікті заңгер Үнзила Шапақ басқарып отыр.

Шешім

Заң қабылданып, күшіне енгеннен кейін (1-ші оқылым өтті) кез келген азамат ақылы автотұрақтың ақшасын төлемей кетсе болады. Ақша аламын деген кәсіпкер Азаматтық кодекс арқылы автожүргізушіні сотқа бере алады. Әр 100 теңге үшін ақылы автотұрақ иелері сотқа жүгіріп жүрсін.

Сот еселеп айыппұл салмайды деп білеміз.

Ақылы автотұрақ болғанның өзінде оны тек іскерлік аудандарда қалдырып, жанынан тегін автотұрақ жасап, сертификатталған құрылғылар қойып, бағасын кемі 50 пайызға төмендетіп, тегін тұру уақытын 30 минутқа созсын.

Маңызды мәселе: ҚР Конституциясының 6-бабында: «Жер жəне оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады» деп жазылған.

Ендеше халыққа тиесілі жерді жергілік билік өкілдері халықтың рұқсатынсыз қалай жеке кәсіпкерлерге автотұрақ үшін берген?