"Халықтан жинаған ақшаға үй алмаған": Қайырымдылық қорларларға қатысты тағы бір сұмдық ақпарат белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Халықтан жинаған ақшаға үй алмаған": Қайырымдылық қорларларға қатысты тағы бір сұмдық ақпарат белгілі болды

"Халықтан жинаған ақшаға үй алмаған": Қайырымдылық қорларларға қатысты тағы бір сұмдық ақпарат белгілі болды

Бұл жолы "Elge_komek" қайырымдылық қорына қатысты дау шықты.

  • 22 Қараша
  • 130
Фото - Caravan.kz

Журналист Гүлмира Әбіқайдың айтуынша, аталмыш қор мешіт маңында қайыр сұрап жүрген әжеге үй алып береміз деген желеумен халықтан ақша жинаған. Бірақ, соңында мұқтаж жанға жалдамалы пәтердің бірнеше айын ғана төлеп берген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Ұлжан есімді қайырымды жандардың бірі Гүлмира Әбіқайға «Elge_komek» қайырымдылық қорына қатысты сұмдық ақпаратпен бөліскен.

«Elge_komek қорының жігіттері видеоға түсіріп, осы апаға үй алып берейік, бір қазақ үйлі болсын дегесін бәріміз сеніп, шыныменде далада отырмасыншы, үлкен кісі ғой деп жиналып үй алып берген болатынбыз. Осынша ақша жиналды, апаға үй алып бердік деп есеп берді. Апа шынымен де 3-4 бойы қайыр сұрауға шықпай қойды. Жұмысқа бара жатқан жолды көрмей жүрдім. Бірақ, 3-4 айдан кейін апаның отырғанын көріп, таң қалдым. Апа, сіз үйлі болдыңыз, зейнетақыңыз бар. Енді бұлай отырмаңыз десем, жоқ ол балалар мені алдап кетті. Жалдамалы пәтердің 3-4 айлық ақшасын төлеп отырғызып кетті. Мен үйлі болған жоқпын деді. Апаның денсаулығын емдеттік деп емханаға барған видеоларын да салған болатын. Кейін ападан сұрасам, мүлде емдетпеген, көрсетпеген екен. Тек видео үшін ауруханаларға кіріп шыққан екен. Видео үшін әдемі жерлерге тамақтануға апарған», — дейді ол.

Ұлжанның қайырымдылық қорлардың видеолары адамдарға эмоционалдық тұрғыдан да қатты әсер ететінін де тілге тиек етті.

«Қайырымдылық қордың салған видеолары өте эмоционалды. Қарамай, өтіп кету мүмкін емес. Қатты жаның ашып, ақша аударасың. Бәріміз сеніп ақша салған Elge_komek қорының осындай әрекеттер жасағанын көргенде қатты жүрегім ауырды. Олардың есеп бергеніне сенбейтін, ақша салмайтын да болдым. Ол апаға үй алып берген, ақша салған миллионерлер емес, өздері пәтерде жүрген қарапайым қазақтар», — дейді Ұлжан.

Elge_komek қайырымдылық қорының әлеуметтік желідегі видеоларында өзін «Қазақтың Робин Гуды» деп таныстыратын Сариев Ильяс әлеуметтік желідегі парақшасына видеожазба жариялап, барлығын алдағы уақытта түсіндіріп беретінін айтты.

«Құрметті қазақ елім, оқырмандарым! Кешеден бері мен туралы айтылып жатқан қауесеттерге жауап беретін боламын. Қазір алдарыңызға шығып жатырмын. Алла бұйыртса, бәрі жақсы болады. Әрине, ашуланып, жыны келген адамдар неше түрліні жазып жатыр. Бірақ, мені білетін жанышырлар, қаншама жылдан бері менімен бірге жақсылық жасап жүрген оқырмандар мені жақсы біледі деп ойлаймын. Егер, Алланың қалуымен қандай да бір адамдарға менің көмегім тисе, сол кісілер жазып, мені ақтап алсаңыздар деген ойдамын. Алдағы уақытта мен бәріне жауап беретін боламын, толық ақпаратты күтіңіздер», — дейді ол.