"Бокстан Азия чемпионаты": 4 желтоқсанда төрт қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады - kaz.caravan.kz
  • $ 521.9
  • 593.5
+15 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бокстан Азия чемпионаты": 4 желтоқсанда  төрт қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады

"Бокстан Азия чемпионаты": 4 желтоқсанда төрт қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады

Чиангмайда (Таиланд) өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының ширек финалында Қазақстан құрамасының төрт боксшысы шаршы алаңға шығады.

  • 4 Желтоқсан 2024
  • 4
Фото: Olympic.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Құрлықтық турнирдің іріктеу кезеңдері аяқталып, енді ширек финалдық бәсекелер басталды. 4 желтоқсанда ұлттық құрамадан төрт боксшы шаршы алаңға шығады:

-48 келі: Әйгерім Сәттібаева — Офелия Магно (Филиппин)

-54 келі: Сымбат Әлиасқар — Вэньцань Сюй (Қытай)

-67 келі: Дулат Бекбауов — Ариф Айман Мұхаммед (Малайзия)

-71 келі: Абылайхан Жүсіпов — Байрамдурды Нұрмұхамедов (Түрікменстан)

Айта кетейік, 75 келі салмақта Диас Молжігітов жартылай финалға шығу үшін жекпе-жек өткізуі тиіс еді. Алайда оның қарсыласы турнирден шығып қалуына байланысты Диас тікелей 1/2 финалға өтіп, Азия чемпионатының медалін иеленді.