”1000 теңге сұраса да жоқ дейді”: Актер Әбілмансұр Серіковтың экс-әйелі бар шындықты жайып салды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.85
  • 513.46
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”1000 теңге сұраса да жоқ дейді”: Актер Әбілмансұр Серіковтың экс-әйелі бар шындықты жайып салды

”1000 теңге сұраса да жоқ дейді”: Актер Әбілмансұр Серіковтың экс-әйелі бар шындықты жайып салды

Әйгілі актер Әбілмансұр Серіковтың экс-әйелі Фариза Ещанова желідегі парақшасында бұрынғы күйеуінен ешқандай алимент алмайтынын жайып салды.

  • 23 Қыркүйек
  • 1
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram-дағы stories-де айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Алиментті алу қиынының қиыны, бірде көл, бірде шөл! 4 ай алмадық тіпті сұрамаймыз салғанша! Қалғаны өзімнің мойнымда, емі дәрісі, сабаққа киімі, қыстық — жаздық киімін алып бермейді, сұрамаймыз да.

Балам 1000 теңге сұраса да жоқ дейді.
Намыстанып сұрама деп ұрысамын.
Кейде тығылып сұрайды телефонынан көріп қоямын!

Өзіммен еріп келген бала сияқты екеуі де (жетім бала сияқты). Соның мойнында ғой асырау, киіндіру. 1000 теңгемен 1 қалам әпермейтін әкенің барынан жоғы деп есептеймін мен.

Тусаларда өзі керім болып киініп жүргенше алиментті мен балаларымна киім кешек немесе еміне дәрі, тамақ алып берсе ғой шіркін!

Балаларды 1 де 1 рет алып қыдыртпаған үлкенді осы жазда ғана алып кетті. Қалған кезде қолымызды жаймаймыз.
Күніміз соған қарамасын”, — деп ашынды актриса.

Instagram-нан скрин

Актриса сондай-ақ, ата-әжесіне баратын кезде де таксидің ақшасын өзі төлейтінін айтты, сөзінше танымал актерде “оған ондай ақша жоқ”.

”Мен қанша жыл өтсе де үндемей келгем. Үндемеу өзіме зиян екенін түсіндім! Қойшы құрсыншы деген болмайды.
Баланың несібесі үшін оған ризық беріп қойған ғой Құдай, бірақ ол ризықты бізбен бөліспеген.

Тіпті мен тұрмыста болғанда 1 шұлық, 1 іш киім сұрамаппын, қате өзімнен.
Шекеме тиді.

Екеуінің сұранысы өте көп, кейде күшті талап етеді бала болған соң сұрайды есепті білмейді онымен ешқандай шаруасы да жоқ. Бір де бір реткеліп не жетпей жатыр деп сұрамаған. Өйткені, Фариза сондай мықты өзі асырайды ғой бәрін. Жалғыз күш маған ғана түседі.

Тіпті ата- әжесінің үйіне барғанда таксиге ақша төлей алмайды, өйткені ода жоқ. Өмірі жоқ ешқашан болмаған
Сенесіздерме”, — деп жазды Фариза Ещанова.

Instagram-нан скрин