Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Құрметті достар!
Кейінгі уақытта белгісіз біреулер менің атымнан таныс және бейтаныс адамдарға жасанды интеллект көмегімен дауыстық хабарламалар жіберу жағдайлары жиілеп кетті.
Сіздерден осындай хабарламаларды елемеуді, бейтаныс нөмірлерді бұғаттауды сұраймын. Бұл – алаяқтардың әрекеті. Алданып қалмаңыздар.
Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!», — деп жазды ол.