"Есеп деп қағазға көмдік, науқандарға жұмылдырдық, массовкаға пайдаландық": Белгілі журналист қара жұмысқа жегілген мұғалімдердің жанайқайын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 515.89
  • 536.32
-10 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Есеп деп қағазға көмдік, науқандарға жұмылдырдық, массовкаға пайдаландық": Белгілі журналист қара жұмысқа жегілген мұғалімдердің жанайқайын айтты

"Есеп деп қағазға көмдік, науқандарға жұмылдырдық, массовкаға пайдаландық": Белгілі журналист қара жұмысқа жегілген мұғалімдердің жанайқайын айтты

Белгілі журналист, тележүргізуші Армангүл Тоқтамұрат ұстаздарды қара жұмысқа жегу туралы бар шындықты айтты.

  • 24 Желтоқсан
  • 109
Instagram/Армангүл Тоқтамұрат

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Тележүргізуші өткір пікірін желідегі парақшасында жария етті.

«Есеп деп қағазға көмдік, үлкен науқандарға жұмылдырдық, массовкаға пайдаландық енді, шырша безендіртіп қойдық. Ұстаздың міндеті бала оқыту емес пе еді?!

Семейде орталық алаңда №49 мектептің мұғалімі Қуат Айтқалиев шырша құрып жатып, 5 метр биіктіктен құлаған. Бас сүйегі сынып, миына зақым келген. Қазір ауруханада жатыр. Жары Сымбаттың сөзінше, сенбі күні сағат 9-да шығарған шырша құруға. Қағаз жүзінде ешқандай бұйрық болмаған.

Қызметтік тексеріс жүргізілген. Нәтижесінде, аталған қайшылыққа жол берген 3 мектептің директорына қатаң тәртіптік жаза қолданылды. Семей қаласы білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылды.

Ал қаланың бас шыршасын орнатуға 25 миллион теңге бөлініпті. Әкімдіктегілердің айтуынша, ол жасанды желекті сатып алуға жұмасалған. Ал шыршаны волонтерлер құруы тиіс болыпты. Оның орнына мұғалімдерді міндеттеп, жұмысты дұрыс ұйымдастырмаған қала әкімінің орынбасары да қатаң сөгіс алды.

Енді осы дұрыс па? Мұғалімді анда да, мында да жегіп, қара жұмысшы күші ретінде пайдалануды қою керек. Мүсәпір емес мәртебелі етейікші!. Қоғам сыйламаған ұстазды бала тыңдасын ба? Ал, тыңдамаған баладан білімді, тәрбиелі адам шыға ма?!», — деп жазды ол.