"Той мен садақаға аударылған ақша да бақылауға алынады": Салық органдары нақты кімдерді тексереді - kaz.caravan.kz
  • $ 524.75
  • 540.6
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
10 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Той мен садақаға аударылған ақша да бақылауға алынады": Салық органдары нақты кімдерді тексереді

"Той мен садақаға аударылған ақша да бақылауға алынады": Салық органдары нақты кімдерді тексереді

Салық төлеуден жалтару үшін мобильді аударымдарды қолданып жүрген кәсіпкерлер қатары көбейген екен. Бұл енді мемлекеттік деңгейде бақылауға алынады.

  • 10 Қаңтар
  • 16
Фото: panorama.pub

Екінші деңгейлі банк шотындағы мобильді аударымдарына енгізілетін лимиттер мен шектеулердің қалай тексерілетіні белгілі болды. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің бас сарапшысы Ерсайын Көптілеуұлы айтып берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Аталмыш талап енгізіледі дегеннен-ақ халық шулай бастаған. Олар Үкімет енді банк шоттарымызды аңдуға көшті деп ашынған. Сондай-ақ банк қызметтерінен бас тартып, қолма-қол ақшаға ауысу тәсілін де қарастырып жатыр. Нақты кімдер тексеріске ілінеді толық тарқатайық.

Үш ай қатарынан 100 түрлі адамнан аударым түссе ғана, салық органдары тексереді. Сомасы маңызды емес. Мәселен, жеке адамның шотына қаңтар айында 100 түрлі адам, ақпанда да 100 адам, наурызда да 100 тұлғадан ақша аударылса ғана назарға ілінеді.

Яғни енді той мен садақада мобильді аударымдар арқылы жиналған қаражат та бақылауға алынады. Қазақстандықтардың мобильді аударымдарын тексеруді көздейтін мемлекеттік кірістер комитетінің қаулысы 3 жыл бұрын күшіне енді. Бірақ биылдан бастап операциялардың саны ғана емес, мөлшері де есепке алынады. 

«Мобильді аударымдар – кәсіпкерлерге емес, жеке тұлғаларға арналған құрал. Оларға салық салынбайды. Бірақ кәсіпкерлер салық төлеуден жалтару үшін мобильді көп пайдаланып кетті. Сондықтан салықтан жалтарғандарды анықтап, олардың кірісіне салық төлеуді міндеттеу және кәсіппен айналысса да, тіркелмей жүргендерді дара кәсіпкер ретінде тіркету мақсатында мобильді аударымдарды бақылаймыз», — деді Ерсайын Көптілеуұлы.

Ол сонымен қатар, 255 мың теңге шек әлі заңмен бекітілмегенін айтады. Бұл Қаржы министрлігінің ұсынысы ғана екен. Осы ретте маман 255 мың теңгенің қайдан шыққанын түсіндіріп берді.

«Бізде Кәсіпкерлік Кодексінде 12 ең төменгі жалақы деген түсінік бар. 12 ең төменгі жалақыдан төмен табыс тапсаңыз, сіз дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқылысыз. Ал енді 255 мыңға келсек, бұл – үш айдағы ең төменгі жалақы. Бір жылда 12 ай бар деп есептесек, 3 ай бойынша ең төменгі жалақы көлемі 255 мың болады. 2024 жылы ең төменгі жалақы 85 мың теңге болды. 3-ті 85 мыңға көбейтсеңіз 255 мың болады», – деп түсіндірді ол.

Жеке басқа қатысты аударымдар тексерілмейді. Тек жеке тұлға ретінде ашқан есепшотын бизнеске қолданған кәсіпкерлерді бақылауға алуды көздеп отыр. Бүгінде олар салықтан айналып өту үшін тиісті шотына ақша түсірмейді. Мәселен 2024 жылы кәсіпкердің 76%-ы табысын 5 миллион деп көрсеткен екен.