Астанада жігіт туыстарын пышақтады: Бір адам өліп, үшеуі жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 530.12
  • 546.08
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жігіт туыстарын пышақтады: Бір адам өліп, үшеуі жараланды

Астанада жігіт туыстарын пышақтады: Бір адам өліп, үшеуі жараланды

Әлеуметтік желіде тараған мәліметті қалалық Полиция департаменті растады.

  • 19 Қаңтар
  • 4
Фото: Артем Викторов/Kazinform

Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, үйдегі жанжал Free Fire ойынынан туындаған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

Мұстафин 21\5 мекенжайындағы үйде таңғы сағат 4.00 кезінде 21 жастағы тұрғынның телефонын үйдегі туыстары тартып алады. Соған ашуланған жігіт туыстары ұйқыға кеткен кезде пышақпен шабуылдаған. Салдарынан 1997 жылғы ағасы оқиға орнында жан тапсырған. Ал қалған 3 адам ауыр жарақатпен ауруханаға түскен.

Астана қаласы Полиция департаменті бұл фактіні растады.

“Күдікті 21 жастағы Астана тұрғыны, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжалға туыстарының жігіттің әрекетіне айтылған сыны себеп болған. Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр”, — деп жазылған полиция мәліметінде.