Мектеп пен колледждердегі «111» нөміріне 17 мыңнан астам бала хабарласқан - kaz.caravan.kz
  • $ 517.84
  • 543.11
-20 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мектеп пен колледждердегі «111» нөміріне 17 мыңнан астам бала хабарласқан

Мектеп пен колледждердегі «111» нөміріне 17 мыңнан астам бала хабарласқан

2025 жылдан бастап мектептер мен колледждерде республикалық бірыңғай «111» байланыс орталығына жедел хабарласа алатын QR-кодтар ілінген. Бұл нөмірге шамамен 17 мыңнан астам бала телефон соққан

  • 24 Қаңтар
  • 3
istockphoto.com

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне сүйенсек, қазір қорғаншылық органдарының штаты да өскен.

«Биыл қаңтар айындағы мәлімет бойынша байланыс орталығына 17 400 бала жүгінген. Елдің әр өңірінде балалардың құқықтары жөніндегі арнайы уәкілдер жұмыс істейді. 2024 жылдан бастап қорғаншылық органдарындағы мамандардың саны 303 адамнан 692 адамға, яғни екі есеге артқан», — деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Қорғаншылық органдарының штаттық саны бойынша норматив бекіген. Атап айтқанда, 5 мың балаға кемінде 1 маманнан бөлінді.