Әлемдік қант алыбы Қазақстанда зауыт ашуды жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдік қант алыбы Қазақстанда зауыт ашуды жоспарлап отыр

Әлемдік қант алыбы Қазақстанда зауыт ашуды жоспарлап отыр

БАЭ-нің ірі компаниясы жобаны тиімді жүзеге асыру үшін гидрология саласындағы үздік мамандарды тартпақ

  • 28 Сәуiр
  • 3
ФОТО: Sputnik

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Біріккен Араб Әмірліктерінің Al Khaleej Sugar компаниясы Алматы облысында жаңа зауыт салуға мүдделі.

Компанияның басқарушы директоры, шейх Жамал Әл Гурайр Қазақстанға арнайы келіп, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевпен кездесті. Тараптар жаңа зауыт үшін Қонаев қаласына жақын орналасқан аумақ логистикалық тұрғыдан тиімді деген шешімге келді. Бірақ алдымен су мәселесін шешу керек. Қант қызылшасын суару үшін баламалы су көздері қажет болады.

«Біз үшін егістік алқаптарын сенімді әрі жеткілікті су көздерімен қамтамасыз ету өте маңызды. Жобаны тиімді жүзеге асыру үшін гидрология саласындағы үздік мамандарды тартамыз», – дейді шейх Жамал Әл Гурайр.

Инвестор зауытты толықтай автономды етіп сала алады. Ол үшін электр станциялары да салынуы мүмкін.

«Біздің мақсатымыз – толықтай дербес кәсіпорын құру. Қайта жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қоршаған ортаға әсерді азайтып, зауыттың ұзақ мерзімді тұрақты дамуын қамтамасыз етеді», – деп атап өтті Әл Гурайр.

Кездесудің нәтиежесінде тараптар өңірдің гидрологиялық ресурстарын жан-жақты зерттеу үшін кәсіби консультанттар мен мамандандырылған ұйымдарды тартуға уағдаласты. Бұл шешім суару мәселесін тиімді шешіп, инвестициялық жобаны сәтті іске асыруға мүмкіндік береді.

Al Khaleej Sugar – әлемдегі ең ірі автономды және энергия үнемдейтін қант зауыты. Компания әлемдік тазартылған қант нарығының шамамен 3 пайызын қамтиды. Шейх Әл Гурайр қант өнеркәсібінен бөлек, фарфор, құрылыс материалдары, жылжымайтын мүлік және көлік салаларында да табысты жобаларды жүзеге асырып келеді.

Айта кетері, былтыр Қазақстанда қант қызылшасының рекордтық көлемі жиналған болатын. Бірақ оны өңдейтін зауыт жетіспейді. Содан өнімнің бір бөлігін көрші елдерге жіберуге тура келді. Биыл қант қызылшасының егіс алқабын 18,4 мың гектарға дейін қысқартуға шешім қабылданды.

Перейти к новостям спорта