Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Брифинг модераторы қанша кедергі жасауға тырысқанымен журналист әкімнен «экс-депутат Ынташ Наурызованың айтқандары қаншалықты шындыққа жанасады, бұл рас па? Ол сізден ұлды болғанын. Қазіргі күні алимент төлемей жүргеніңізді айтуда.» деген сұрағына өзі жауап беруін талап етті.
Әкім өз кезегінде желіде тараған осы ақпараттан хабардар екенін айтты.
«Жадыра достарыңыз бар ма? Мен сізге осындай жеке сұрақтарды соларға қою керектігін айтқым келеді. Жеке шекара деген бар. Желіде жазылғанның бәрі, тарағанның бәрі шындық емес. Маған қатысты түрлі ақпараттар жазылады. Мен оның бірімен келіссем, тағы бірімен келіспеймін. Тағы бір ақпараттарды мүлде жоққа шығарамын деп жауап бере аламын. Меніңше мұндай жеке сұрақтарды өз достарыңызға қойғаныңыз дұрыс»,-деп жауап берген Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай.