Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында жол апаты салдарынан көлік кабинасында қысылып қалған жүргізуші құтқарылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі.
Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында жол апаты салдарынан көлік кабинасында қысылып қалған жүргізуші құтқарылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.
Оқиға Талшық ауылы маңындағы республикалық маңызы бар жолда болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдан шығып кетіп, аударылып қалған.
1962 жылы туған азамат көлік кабинасында қысылып қалған. Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен оны сыртқа шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды, — делінген ақпаратта.
Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды жолда сақ болуға шақырады.