Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.
«Мен өзімді мықтымын деп ойладым. Мен бәріне шамам жетеді деп ойладым. Өйткені мен бәріне төтеп беріп келдім, тырыстым, қолымнан келгеннің бәрін жасадым, тіпті мүмкін емес нәрселерді де жасауға тырыстым. Себебі ата-анамның менімен мақтанғанын қатты қаладым. Өйткені олардың өмірі ауыр болды, ал мен олардың өмірін аз да болса жеңілдеткім келді.
Мен сіздердің дендеріңіз сау болып, қуанып, күліп жүргендеріңізді қатты қаладым. Бала кезімдегідей бақытты болғандарыңызды қаладым. Сіздер маған ең бақытты балалық шақ сыйладыңыздар. Иә, сіздерге қиын болды, бірақ ешқашан шағымданған жоқсыздар. Мен махаббат пен қамқорлыққа бөленіп өстім.
Ал қазір мен есейіп, сіздерге өз махаббатым мен қамқорлығымды сыйлағым келген кезде, алдымен әкемнен айырылдым. Ол соншалықты тез кетіп қалды, әлі күнге дейін әкем Аралда өмір сүріп жатыр, ал біз сенімен Алматыда тұрамыз деп ойлаймын.
Ал қазір сен жатырсың. Мен сені құшақтай алмаймын, сенімен сөйлесе алмаймын. Сен дем алып жатырсың және мені естіп жатқан шығарсың, анашым. Сені осындай күйде көру маған өте ауыр. Сенің жүрегіңнің шаршағанын түсіну одан да қиын. Бірақ ол әлі соғып тұр. Мен оны сеземін, естимін.
Кеше ғана сен маған қарадың. Мені таныдың ба, білмеймін. Бірақ мен саған әр келген сайын қолыңды қатты қысып ұстаймын.
Менің қолымнан жетелеп, маған барлығын берген қолыңды. Мен құлаған кезде сүйеген қолыңды. Ауырғанымда маңдайымнан сипаған қолыңды. Мені тамақтандырған, жуындырған, киіндірген қолыңды… Қазір менің өмір сүріп жүргеніме себеп болған қолыңды.
Сен – менің тірегімсің. Сен – менің қанатымсың. Сен – менің қорғанымсың. Мен әкемнен айырылдым. Бір қанатынан айырылған құс секілді, сен үшін бір қанатыммен ұшуға тырыстым. Ал қазір сол қанатым да сынып қалды.
Жаным ауырады, анашым. Мен қорқып тұрмын. Мен қараңғылықта қалғандаймын. Анашым, өтінемін, кетпеші! Сенсіз мен ұша алмаймын. Анашым! Мен сені шексіз қатты жақсы көремін!», — деді ол.