Зейнетақы жинағының қанша пайызы доллармен жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зейнетақы жинағының қанша пайызы доллармен жатыр

Зейнетақы жинағының қанша пайызы доллармен жатыр

Шетел валютасының үлесі 40%-дан асуына байланысты тамызда доллар сатып алу жоспарланып отырған жоқ

  • 1 Тамыз
  • 5
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық банк шілдеде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігін шетел валютасына ауыстырып қойды.

Ұлттық банктің қазіргі мақсаты – зейнетақы активтеріндегі шетелдік валютаның үлесін ұзақ мерзімді кезеңде кемінде 40% деңгейінде ұстап тұру.

«Осы мақсатта банк шілде айында биржа сауда-саттығында шетел валютасын сатып алды, оның жалпы сомасы 35 млн АҚШ долларын немесе жалпы сауда-саттық көлемінің шамамен 0,6%-ын құрады. Қазіргі бағам бойынша БЖЗҚ-да шетелдік валюта үлесі 40%-дан асып тұр, соған байланысты тамыз айында БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен валюта сатып алу жоспарланып отырған жоқ», — делінген банк мәлімдемесінде.

Айта кетері, БЖЗҚ қаражатына ұлттық банк жауапты. 1 шілдедегі жағдай бойынша зейнетақы жинағының жалпы көлемі 24 трлн теңгеден асты.

Перейти к новостям спорта