Құрылтай сайлауы: депутаттық мандаттар партиялар арасында қалай бөлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.02
  • 536.18
+37 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құрылтай сайлауы: депутаттық мандаттар партиялар арасында қалай бөлінді

Құрылтай сайлауы: депутаттық мандаттар партиялар арасында қалай бөлінді

Құрылтай сайлауына қанша адам қатысқаны белгілі болды.

  • 25 Тамыз
  • 1
Фото: Жасанды интеллект

Орталық сайлау комиссиясы 23 тамыз күні өткен Құрылтай сайлауының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

  • «Әділет» партиясы – 6 528 948 дауыс (71,17%);
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 469 058 дауыс (5,11%);
  • Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы – 97 751 дауыс (1,07%);
  • Қазақстан Халық партиясы – 285 395 дауыс (3,11%);
  • «Ауыл» партиясы – 574 621 дауыс (6,26%);
  • «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы – 478 083 дауыс (5,21%);
  • «Respublica» партиясы – 509 631 дауыс (5,56%);
  • «Бәріне қарсы» – 2,51%.

ОСК қорытындысы бойынша сайлаушылары саны – 12 млн 623 мың 289. Құрылтай сайлауына бас-аяғы 9 млн 351 мың 539 адам қатысты. Осылайша дауыс бергендердің қорытынды саны – 74,08 пайыз.

Сайлау қорытындысына сәйкес мандаттар саны анықталды:

  • «Әділет» партиясы – 110;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 8;
  • «Ауыл» партиясы – 10;
  • «Ақ жол» демократиялық партиясы – 8;
  • «Respublica» партиясы – 9.