Қазақстанда әйелдерге тегін контрацепция тарату ұсынылды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда әйелдерге тегін контрацепция тарату ұсынылды

Қазақстанда әйелдерге тегін контрацепция тарату ұсынылды

Қазақстанда әйелдерге контрацептив құралдарын тегін беру жоспарланып отыр

  • 5 Тамыз
  • 5
Фото:depositphotos.com

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жергілікті атқарушы органдарды осы мақсатқа қаржы бөлуге шақырды.

«Жергілікті атқарушы органдардан жергілікті бюджет есебінен келесі шараларға қаржы қарастыруды сұраймыз: кадрлармен қамтамасыз ету және олардың біліктілігін арттыру, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту, жүкті әйелдер мен балаларды облыстық орталықтарға тасымалдау үшін көлікпен қамту, сондай-ақ репродуктивті жастағы осал топтағы әйелдерді контрацептивтермен қамтамасыз ету», – деді министр.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі нақтылағандай, репродуктивті жастағы әйелдер контрацептивтерді, оның ішінде жатырішілік спиральдарды да, еліміздің барлық өңіріндегі емханалардан, соның ішінде республикалық маңызы бар қалаларда тегін ала алады.

Бұл шара жоспарланбаған және денсаулығына қауіпті жүктіліктің алдын алуға, ана мен нәресте өлімін төмендетуге бағытталған.

Перейти к новостям спорта