Құстар мен адами фактор: Ұшақпен ұшу қауіпті бола түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құстар мен адами фактор: Ұшақпен ұшу қауіпті бола түсті

Құстар мен адами фактор: Ұшақпен ұшу қауіпті бола түсті

Азаматтық авиация комитетінің деректеріне сәйкес, соңғы 13 жылда елде 68 әуе оқиғасы тіркелген. Оның 26-сы адам өліміне әкелді. 124 адамның өмірін қиды.

  • 11 Тамыз
  • 15
Фото - Caravan.kz

Тәуелсіздік алғаннан бері тек бір ғана әуе оқиғасы шетелдік әуе компаниясына қатысты болды. Caravan.kz медиа порталы аспандағы қауіпсіздік мәселесіне тоқталады. 

2024 жылы 6 әуе оқиғасы тіркелген. 2023 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Аталмыш оқиғалар коммерциялық авиацияда орын алды. 2023 жылы мұндай бірде-бір оқиға болмаған. Ал қалған 5-і түрлі авиациялық жұмыстар мен оқу-жаттығу кезінде болған. 

2024 жылы адам өлімімен аяқталған екі әуе апаты тіркелді. Біреуі коммерциялық авиацияда, біреуі авиациялық жұмыстар кезінде. Салыстыру үшін айтар болсақ, 2023 жылы да екі әуе апаты болды, бірақ екеуі де авиациялық жұмыстар кезінде орын алған, ал бұған дейін үш жыл бойы Қазақстанда бірде-бір әуе апаты тіркелмеген еді.

2024 жылы әуе апаттарынан қаза тапқандар саны 39 адамға жетті. Олардың 38-і коммерциялық авиациядағы апатта, ал біреуі авиациялық жұмыстар кезінде қаза тапты. 2023 жылы екі апаттан алты адам қаза болды, екеуі де авиациялық жұмыстар кезінде болған.

Жолаушылар әуе тасымалдарында болған инциденттер саны 62-ге жетті, бұл 2023 жылғы 56 жағдайдан көп. Бұл оқиғалардың жартысынан астамына техникалық ақаулар себеп болса, 20%-ы құстармен байланысты, 19%-ы адами факторға қатысты болды.

2024 жылы ААК Операциялық орталығына әуе оқиғалары туралы 1114 хабарлама түскен. (2023 жылы – 706). Ең жиі кездесетіндері:

         •        Әуе қозғалысын басқару, байланыс және навигация, бақылау құралдарына қатысты оқиғалар – 300 (2023 жылы – 76).

         •        Құстармен соқтығысу жағдайлары – 292 (215).

         •        Жарақат немесе оқиғаға әкелуі мүмкін қылмыстық әрекеттер – 228 (157).

         •        Әуе кемесінің жүйесі немесе компонентінің істен шығуы – 148 (137).

2024 жылы пилоттарды ұшу-қону кезінде лазермен көз шағылыстыру оқиғалары 140 рет тіркелді. Лазерлік шабуылдардың басым бөлігі Алматы әуежайында тіркелген.

Әлемдік авиация

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының деректері бойынша, 2024 жылы әлемде 40,6 млн рейс орындалды. Апаттылық коэффициенті бір миллион рейске шаққанда 1,09-дан 1,13-ке өсті.

Әуе апаттарының саны бір жылда 2023 жылғы 1 жағдайдан 2024 жылы 7 жағдайға дейін артты (2022 жылы 8 апат тіркелген). Әуе апаттарынан қаза тапқандар саны бірден 3,4 есе өсіп, 72 адамнан 244 адамға жетті. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2022 жылы апаттардан 158 адам қаза тапқан. Бір миллион рейске шаққандағы өлім-жітім коэффициенті 2023 жылғы 0,03-тен 2024 жылы 0,06-ға өсті.

2024 жылғы Қазақстандағы оқиғалар

         •        03.05.2024 ж. «Навигатор» ЖШС-нің Ан-2 ұшағы санитарлық рейс орындау кезінде ұшу биіктігінен кенет айырылып, су айдынына қонды. Бортта 2 экипаж мүшесі және 3 қызметтік жолаушы болған. Зардап шеккендер жоқ.

         •        21.06.2024 ж. «SAMGAU AGRO» ЖШС-нің Ан-2 ұшағы Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Мәдениет ауылы маңында апатты жағдайда қонды. Зардап шеккендер жоқ.

         •        22.06.2024 ж. «SAMGAU AGRO» ЖШС-нің дельтапланы Мұғалжар ауданы Жарық ауылы маңында авиациялық-химиялық жұмыстар орындау кезінде апатқа ұшырады. Ұшқыш қаза тапты.

         •        04.07.2024 ж. «AVIASILA» ЖШС-нің Ан-2 ұшағында авиациялық-химиялық жұмыстар кезінде қозғалтқыш істен шықты. Ұшқыш күріш алқабына мәжбүрлі қону жасады. Зардап шеккендер жоқ.

         •        21.07.2024 ж. «БЕРКУТ-АВИА» ЖШС-нің Ан-2 ұшағы авиациялық-химиялық жұмыстар кезінде биіктікке көтерілу барысында электр желісіне соғылып, аударылып, өртенді. Экипаж аман қалды.

         •        25.12.2024 ж. Azerbaijan Airlines әуе компаниясының ұшағы Ақтау қаласы әуежайынан 3 км қашықтықта апатқа ұшырады. Бортта 5 экипаж мүшесі және 62 жолаушы болған, олардың ішінде 35 жолаушы мен 3 экипаж мүшесі қаза тапты.

Перейти к новостям спорта