Қазақстанда кімнің жалақысы екі есе өскені анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда кімнің жалақысы екі есе өскені анықталды

Қазақстанда кімнің жалақысы екі есе өскені анықталды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.

  • 18 Тамыз
  • 5
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Министрліктің мәліметінше, 2020-2023 жылдары білім беру ұйымдары педагогтерінің, 2021-2023 жылдары медицина және әлеуметтік қамсыздандыру саласы қызметкерлерінің жалақысы екі есеге өсті.

2022 жылдан бастап бюджет саласының өзге санаттағы қызметкерлерінің – есепшілер, кітапханашылар, орманшылар, жүргізушілер, тазалаушылар, күзетшілер және т.б. мамандардың жалақысы 2025 жылға дейін жыл сайын орта есеппен 20%-ға өсіп отыр. Нәтижесінде төрт жыл ішінде олардың да еңбекақысы екі есеге артты, — делінген ресми жауапта.

Сонымен қатар, 2022 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдарға өз қаражаты есебінен бюджет саласы қызметкерлеріне ынталандыру үстемақыларын белгілеу құқығы берілді. Бұл шара өңірлерде жалақыны қосымша арттыруға мүмкіндік береді.

Ал, жеке меншік ұйымдардағы жалақы мөлшері жұмыс берушінің ішкі еңбек ақы жүйесіне сай анықталады. Мұндай кәсіпорындарда жалақыны көтеру ұжымдық келіссөздер мен жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы шарттар арқылы жүзеге асырылады.

Перейти к новостям спорта