Қазақстан Волейболдан әлем чемпионатында 13-16 орындар үшін сынға түседі - kaz.caravan.kz
  • $ 482.33
  • 557.57
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Волейболдан әлем чемпионатында 13-16 орындар үшін сынға түседі

Қазақстан Волейболдан әлем чемпионатында 13-16 орындар үшін сынға түседі

Қазіргі таңда Қытайдың Цзянмэнь қаласында волейболдан жастар арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр.

  • 29 Тамыз 2025
  • 48
Фото: Olympic.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

ҰОК мәлімдеуінше, әлем чемпионатында өнер көрсетіп жатқан Қазақстан ерлер құрамасы бірнеше күн бұрын 1/8 финалда Францияға жол берді.

Ұлттық құрама қазір 9-16 орындар үшін күресіп жатыр. Алғашқы матчта қазақстандықтар Болгарияға есе жіберді. Кездесу 3:2 есебімен қарсыластардың пайдасына аяқталды.

Осылайша, енді қазақстандық волейболшылар 13-16 орындар үшін сынға түседі.