Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Әнші журналист Аман Тасығанның Talk Like жобасында сұхбат берген.
«Әр тірліктің басы бар, аяғы бар. Бірінші мақсатымыз — халықты қуанту, көңілінен шығу, өзімізді таныстыру болды. Сол кезде ойымыз бір жерден шығатын, Қайраттың әні маған, мен әнімнің оған ұнайтын.
Өзіңе ұнап тұрған нәрсе халыққа да ұнайды. Соның бәрі жүйелі түрде болып келді де, соңында әркімнің өзінің ой-пікірі пайда болды.
Сол жерден-ақ түсіндім мен, олей жалғаса бере ұрыспен де аяқталуы мүмкін. Біреудікі дұрыс болмаса да, өзіңдікі дұрыс болса да, «сенікі дұрыс» деп өзіңнің жолыңды ашасың.
Мұның бәріне қолдау көрсеткен Гүлзира әпкеміз болды, ол кісі не десе де, біз соған бағынамыз», — деді әнші.
Десе де көпшілік, оның бұл пікірімен келіспейтінін жарыса жазуда. Олар Гүлзира Айдарбекова Сырым Исабаевты көре алмады деп жазуда.