”Әннің бытшытын шығарыпты”: Меруерт Түсіпбаева “Қимай сені барамын” әнін орындаған Дастан Оразбековты сынады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.02
  • 536.18
+37 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Әннің бытшытын шығарыпты”: Меруерт Түсіпбаева “Қимай сені барамын” әнін орындаған Дастан Оразбековты сынады

”Әннің бытшытын шығарыпты”: Меруерт Түсіпбаева “Қимай сені барамын” әнін орындаған Дастан Оразбековты сынады

Әнші Меруерт Түсіпбаева өзінің әйгілі әні “Қимай сені барамын” әнін Дастан Оразбековтың орындауында тыңдап оны қатаң сынға алды.

  • 24 Тамыз
  • 1
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Мына әннің Дастан бытыштын шығарыпты, бірінші рет естіп тұрмын. Төлеген ағамыздың өзі өз әнін танымай қалған шығар. Мен Дастанды қатты жақсы көремін, бірақ әнші деген өзіне жарасатын, келетін әнге “иә” деу керек немесе “жоқ” деу керек. Кім сұраса да, айтса да бас тарту керек еді. Мынау не өзі? Масқара”, — деді Түсіпбаева.

Еске сала кетейік, “Қимай сені барамын” әнінің сөзін Шөмішбай Сариев, ал әнін Төлеген Мұхамеджанов жазған. Әннің алғашқы орындаушысы Меруерт Түсіпбаева әнді алғаш рет 90-шы жылдары орындаған.