Бұл туралы ол журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”6 маусым мен көптен бері ойланып, келісім бермеген жағдай болған. Мен былтыр 5-ші маусымды өзім үшін жапқанмын. “Болды, осымен қояйық” деп. Өйткені, өте қиын болды. Сериалды жалғастыру емес, адами тұрғыдан. Адами фактор өте көбейіп кетті. Содан кейін тіпті бір-біріміздің алдымызда бетіміз ашылып кетті. Өзімнің абыройымды да, беделімді де табанға сала бергім келмеді. Олармен келісу де, олармен келесі маусым да болуы да қиындап кетті. Қаражат жағынан да қиындап кетті”, — деді продюсер.