Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында бөлісті.
«Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды» деген қағида бар. Отбасылық құпияны бұзу — бұл жай ғана әдепсіздік емес, заң алдында нақты қылмыстық жауапкершілікке әкелетін әрекет.
Күйеуі мұны білмеуі мүмкін, бірақ журналистердің заңнан бейхабар болуы мүмкін емес.
Баланы асырап алу — отбасылық және жеке өмірге қатысты құпия болып саналады. Бұл құпияны жария ету — ҚР Қылмыстық кодексінің 147-бабы (Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу) және 146-бабы (Бала асырап алу құпиясын жария ету) бойынша жауапкершілікке әкеледі.
Мен Дариғаны көп жылдан бері жақсы танимын. Ажырасу кезеңінде қандай қиындықтардан өткенін де білемін.
Сондықтан оның заңды мүддесін қорғаушы өкілі ретінде, Жылқышыбай мен Дарханның әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғау туралы арызды Алматы қаласының Ішкі істер департаментіне ресми түрде жолдаймын.
Бұл жағдай тек жеке адамның ар-намысына ғана емес, бүкіл қоғамдағы журналистік этика мен заң үстемдігіне қатысты мәселе.
Барлық бұқаралық ақпарат құралдарын медиа заңнамасын қатаң сақтауға, жеке тұлғалардың жеке өміріне қол сұқпауға шақырамын.
Журналист — ең алдымен қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінетін адам. Сондықтан рейтингі үшін біреудің тағдырын талқыға салу – кәсіби абыройға көлеңке түсіреді», — деп жазды ол.