"Бізге біреудің өмірі, өсек-төсек қызық": Журналист Гүлбану Әниятқызы Дариға Бадықова мен оның экс күйеуі туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бізге біреудің өмірі, өсек-төсек қызық": Журналист Гүлбану Әниятқызы Дариға Бадықова мен оның экс күйеуі туралы

"Бізге біреудің өмірі, өсек-төсек қызық": Журналист Гүлбану Әниятқызы Дариға Бадықова мен оның экс күйеуі туралы

Танымал журналист Гүлбану Әниятқызы актриса Дариға Бадықова мен оның бұрынғы күйеуіне қатысты өз ойын ортаға салды.

  • 7 Қазан
  • 48
Сaravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Журналист өз ойын желідегі парақшасында білдірді.

«Өткенде осы жерге МӘМС-ке ақша төлеп тұрғанның өзінде операция жасату үшін порталды бір жыл күту керектігін. Сол порталмен тегін жасайтын дәрігердің «ақшаңды әкелсең, қазір жасаймын» деп отырғанын жаздым.

Сосын ерекше балаларға күнделікті дағдыны, көмек сұрауды, өтініш айтуды үйрететін АВА терапияның қымбаттығын, дамып кеткен елдерде мұны инклюзия жүйесіне енгізенін, бізде ерекше балаларды әлі сонау қалып кеткен әдіспен оқытатынын, осы АВА-ны білім жүйесіне енгізу керектігін түсіндіріп жаздым.

Осы екі жазбама да мені танитын, жанашыр жандар болмаса, ешкім былқ еткен жоқ.

Ал Бадықованың экс-күйеуінің «еркектер, күшік күйеу болмаңдар» деп өсиет айтқан «сыр-сұхбаты» туралы жазайыншы, ойбооой, бәрі шулайды, бәріне қызық.

Билікке ренжиміз. Өзіміз де жетісіп тұрған жоқпыз, мойындайықшы. Бізге біреудің өмірі, өсек-төсек қызығырақ», — деп жазды ол.

Перейти к новостям спорта