Шалғай жатқан 328 ауыл спутник арқылы интернетке қосылады – үкімет - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
0 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шалғай жатқан 328 ауыл спутник арқылы интернетке қосылады – үкімет

Шалғай жатқан 328 ауыл спутник арқылы интернетке қосылады – үкімет

Қазақстанда жылдың соңына дейін шалғай жатқан 328 ауыл спутник арқылы интернетке қосылады

  • 20 Қазан
  • 5
ФОТО: Sputnik.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Министрлер кабинетінің жоспарына сәйкес, алдағы бір жылда 2 689 ауыл жылдамдығы жоғары интернетке қосылады. Ал 504 шалғай елді мекенді спутниктік технологияларды пайдалана отырып желіге қосу жоспарланған.

«Оның 176-сы KazSat арқылы байланыспен қамтамасыз етілген, ал 2025 жылдың соңына дейін тағы 328 ауыл OneWeb арқылы қосылады. Жалпы, 2025-2027 жылдары 3 мыңнан астам ауылдық елді мекенге жоғары жылдамдықты интернет қолжетімді болады», — делінген ресми хабарламада.

Биыл маусым айында Starlink-пен келісімге қол қойылған болатын. Бүгінгі таңда 1,7 мыңнан астам ауылдық мектеп Starlink спутниктік интернетіне қосылған.

Айта кетері, қазіргі кезде Қазақстанның 119 қаласы мен 4 906 ауылы байланыспен қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, 2 724 елді мекенде 3G технологиясы жұмыс істесе, 2 182-сінде 4G байланысы бар.

Перейти к новостям спорта