Қарашаның ортасында шаруаларға револьверлік кредит беру басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарашаның ортасында шаруаларға револьверлік кредит беру басталады

Қарашаның ортасында шаруаларға револьверлік кредит беру басталады

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында шаруаларға револьверлік кредит беру қашан басталатынын айтты

  • 4 Қараша
  • 4
ФОТО: АШМ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

-Биыл ерте жеңілдетілген кредит беру бағдарламасы аясында қаржыландыру көлемі алғаш рет 1 трлн теңгеге жетті. Вегетациялық кезеңнің қорытындысы бойынша 1,8 млн тонна минералдық тыңайтқыш енгізілді, бұл ғылыми негізделген қажеттіліктің 56%-ына тең. Элиталық тұқымдардың үлесі 9,5%-дан 11,5%-ға дейін өсті, — деді Айбардек Сапаров.

Айтуынша, ерте қаржыландыру бағдарламасы келесі жылы да жалғасады.

-1 қазаннан бастап 2026 жылғы көктемгі дала жұмыстарына өтінім қабылдау басталды. Қарашаның екінші онкүндігінен бастап шаруаларға револьверлік кредит беру ашылады. Бұл бір кепілдікпен жыл сайын несие алуға мүмкіндік береді, — деді министр.

Перейти к новостям спорта