Айбек Оралбай 2026 жылғы Азия ойындарының чемпионы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.91
  • € 499.05
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айбек Оралбай 2026 жылғы Азия ойындарының чемпионы атанды

Айбек Оралбай 2026 жылғы Азия ойындарының чемпионы атанды

Қазақстан бокс құрамасының капитаны Айбек Оралбай Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында чемпион атанды.

  • 2 Қазан
  • 73
Фото: Olympic.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

90 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен қазақстандық боксшы финалда Өзбекстан өкілі Жахонгир Зокировты төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңді.

Бірінші раундта Айбек 3:2 есебімен басым түсті. Екінші раундта да төрешілердің барлығы жеңісті отандасымызға берді. Оған қоса, өзбекстандық боксшыдан бір ұпай шегерілді. Нәтижесінде Айбек Оралбай жеңіске жетті.

Айта кетейік, қос боксшы 2025 жылы Ливерпульде өткен әлем чемпионатының финалында да кездескен. Сол жекпе-жекте де Айбек Оралбай жеңіске жеткен болатын.

Осылайша, бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарын екі алтын және бір қола медальмен аяқтады. Бұған дейін Төрехан Сабырхан (70 кг) алтын, Махмұд Сабырхан (55 кг) қола жүлде иеленген еді.

Ал әйелдер құрамасы турнирді екі қола медальмен қорытындылады. Алуа Балқыбекова (51 кг) мен Наталья Богданова (75 кг) жүлдеге қол жеткізді.

Еске салайық, Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарына 45 елден спортшылар қатысып, 460 медаль жиынтығы сарапқа салынуда. Қазақстан құрамасы Азия ойындарында спорттың 35 түрінен 558 спортшымен сынға түсіп жатыр.