”Бізді ортақ тарих байланыстырады”: Лукашенко қазақтарды беларусь халқына жақын адамдар деп атады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.91
  • € 499.05
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Бізді ортақ тарих байланыстырады”: Лукашенко қазақтарды беларусь халқына жақын адамдар деп атады

”Бізді ортақ тарих байланыстырады”: Лукашенко қазақтарды беларусь халқына жақын адамдар деп атады

Беларусь президенті Александр Лукашенко қазақтар мен беларусьтарды «жақын адамдар» деп атап, екі елді серіктестікпен қатар ортақ тарих та байланыстыратынын айтты.

  • 2 Қазан
  • 4
Фото - Caravan.kz

Беларусь президенті Александр Лукашенко қазақтар мен беларусьтарды «жақын адамдар» деп атап, екі елді серіктестікпен қатар ортақ тарих та байланыстыратынын айтты.

Бұл туралы ол Минскіде Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектеновпен кездесуде мәлімдеді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Сіздер жат адамдарға емес, өз адамдарыңызға келгендеріңізді білуге тиіссіздер. Бізді ортақ тарих байланыстырады”, — деді Лукашенко.

Ол Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында мыңдаған қазақстандықтың Беларусь аумағында соғысқанын еске салды.

Лукашенко сондай-ақ Қазақстан мен Беларусь арасындағы қарым-қатынастардың дамып келе жатқанын атап өтіп, машина жасау, ауыл шаруашылығы, жоғары технологиялар және басқа да салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге Минск дайын екенін айтты. Оның сөзінше, екі ел арасындағы «жабық тақырыптар жоқ».

Өз кезегінде Олжас Бектенов Қазақстан мен Беларусьті көпжылдық қарым-қатынас, ортақ тарих және өзара құрмет байланыстыратын сенімді серіктестер деп атады.