Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Елді елең еткізген жаңалығымен продюсер өзінің желідегі парақшасында бөлісті.
«Бүгін бала-шағамыз Мальдив аралынан демалыстан келіп, басымыз қосылып мәре-сәре болып жатырмыз. Төрт көзіміз түгел, амандықпен жүздесу де бір бақыт!
Барлығы көріп жүрген күлімсіреу —шындықтың бір бөлігі ғана. Қалғанын өмір өзі сөйлетеді.
Өмір кейде тыныштықты дауыссыз сынайды. Түсінген адамға-жеткілікті…», — деп жазды ол.
Көпшілік отбасының қайта татуласқанына қуанса, кейбірі арадағы түсініспеушілікке Жұлдыз Әбдікәрімованы кінәлаған.
