“Осы секілді азғын блогерлерді аямай жауапқа тартатын уақыт жетті” - Сәуле Әбілдаханқызы Қайсар Қамза туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 512.16
  • 594.72
-10 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Осы секілді азғын блогерлерді аямай жауапқа тартатын уақыт жетті” - Сәуле Әбілдаханқызы Қайсар Қамза туралы

“Осы секілді азғын блогерлерді аямай жауапқа тартатын уақыт жетті” - Сәуле Әбілдаханқызы Қайсар Қамза туралы

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы блогер Қайсар Қамза туралы пікір білдірді.

  • 19 Қаңтар
  • 28
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Осы секілді халықты тонап жүрген, арамтамақ, әлеуметтік жауапкершіліктен жұрдай, малғұндық жолдағы азғын блохерлерді аямай жауапқа тартатын уақыт жетті…

Мына тамақтың бәрін бір өзі жей ме? Бір бөтелке арақ. Масқара.

Жалпы, жігіттер, тамақты азырақ жеңдерші. «Қазақтың жігіттері сыптай, әп-әдемі боп жүреді де, неге 40-тан кейін беттері бес гектар боп былшиып, көздері сығырайып,, қарындары салбырап қалады?» деп ойлаушы едім. Мынанша тамақтан кейін мына жап-жас бала да бір жылдан кейін нағыз боқ көтерген боқтың қабы боп шыға келері анық. Тамақсаулықтан Құдай сақтасын, мешкей деген жақсы ат емес. «Қоя жесең — қой қалады, тарта жесең — тай қалады» дейді қазақ. Тамақты тарта жеңдер”, — деп жазды журналист.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) блогер Қамза Қайсар Бақытжанұлына (qais_arr) іздеу жариялаған еді.