Ержан Бабақұмаровтың өлімі: іс бойынша алдын ала тыңдау Астанада өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 503.35
  • 590.63
-5 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ержан Бабақұмаровтың өлімі: іс бойынша алдын ала тыңдау Астанада өтеді

Ержан Бабақұмаровтың өлімі: іс бойынша алдын ала тыңдау Астанада өтеді

Дүйсенбі, 26 қаңтарда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ержан Бабақұмаровты өлтіру ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы өтеді.

  • 25 Қаңтар
  • 4
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Іс бойынша алдын ала тыңдау сағат 15:00-ге белгіленген. Бұл туралы ақпарат «Сот кабинеті» жүйесінде жарияланған.

Бұған дейін Бабақұмаровтың өліміне қатысты істі қарау түрлі себептермен бірнеше рет кейінге қалдырылған.

Іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша тергелген. Істі бұған дейін экс-министр Қуандық Бишімбаевқа үкім шығарған судья Айжан Күлбаева қарайды.

Еске салайық, 2025 жылы 30 қазанға қараған түні Ержан Бабақұмаров қайтыс болды. Полицияның мәліметінше, экс-шенеунік соққыға жығылған.

Ержан Бабақұмаров кім?

Ержан Бабақұмаров 1969 жылғы 2 наурызда Талдықорған облысында дүниеге келген. Саяси ғылымдар кандидаты.

1996 жылдан бастап мемлекеттік қызметте еңбек еткен. Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі орынбасары, Президент Әкімшілігінің ақпараттық-талдау орталығының басшысы болған. Мәдениет және ақпарат саласында жауапты хатшы әрі вице-министр қызметтерін атқарған. Сондай-ақ премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары, Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры, Мемлекет басшысының кеңесшісі – Президент Әкімшілігінің талдау және болжау орталығының меңгерушісі лауазымдарын атқарған.