Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Апалы-сіңлілердің құлдықтан босауына себепкер болған журналист Руслан Өтепбай жекесіне Құндыздың аяқ-қолы байлаулы жатқан фотосы келіп түскенін айтты. Ол мән-жайды анықтау үшін қыздардың заңды қамқоршысы Зүлфия Төленоваға хабарласты. Алайда ол “байлаған мен емес” деп жауап берді.
“Құндыз әпкесін, Назгүлді ұрған. Ауруы қозып кеткен ғой. Сол кезде байлаған ба, білмеймін. Мен де қазір көріп жатырмын. Үйде Танялар байлаған. Таня — топтағы қыз, сөйлей алмайды. Мен әрі-бері жұмыстармен жүргем. Өзім де қатты ашуланып тұрмын. Шыны керек, Руслан, дүйсенбі күні барып өтініш жазып, өткізем деп отырмын. Рахмет. Шаршадым. Неше түрлі нәрселер шығарып жатыр. Үкіметке өткіземін”, – деді Зүлфия.
Руслан Өтепбай осы жағдайдың анық-қанығына көз жеткізіп, Зүлфия Төленовадан жауап алу үшін Таразға баратынын айтты.
”Ардақты ағайын, көрдіңіздер. Байлаған мен емес, Таня деген күтуші қыз дейді. Бірақ мен Зүлфияның бұл жауабына сенбеймін. Сондықтан Тараз қаласының қорғаншылық қамқоршылық бөлімі мына істі назарға алыңыздар. Мен Таразға барамын. Мына сурет не сұмдық?! Ешкімі жоқ қыз аяқ-қолы байланып, кісенделіп жатыр”, — деді журналист.
Желі қолданушылары қыздардың болашағына алаңдаулы.
”Зүлфия о баста ұнамаған еді. Қыздарды тез алып кету керек. Ел болып 1 бөлмелі үй алып, няня жалдап берейік”, “Психотропный дәрілер беріп осы жағдайға жеткізген шығар”, “Өткен жолы басылып қалғаны көрініп тұрған”, “Өткенде сіз барғанда түрлері айтып тұр еді”, — деп жазды олар.


Еске сала кетейік, 17 жыл бойы аға-жеңгесінен қорлық көрген қыздардың сыныптастары “Көреміз” бағдарламасынан көмек сұрап, елді дүр сілкіндірген еді.