Хиджабты қайтадан киемін - Айдана Меденова - kaz.caravan.kz
  • $ 503.35
  • 590.63
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Хиджабты қайтадан киемін - Айдана Меденова

Хиджабты қайтадан киемін - Айдана Меденова

Өнерге қайта оралып, орамалын шешкен Айдана Меденова қайтадан хиджаб киетінін айтты.

  • 26 Қаңтар
  • 11
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әнші Аман Тасығанға берген сұхбатында «қайтадан хиджаб киюің мүмкін бе» деген сұраққа жауап берді.

«Әрине, өйткені мен хиджабта өзімді жақсы сезінетінмін. Ешқашан хиджаб шешем деген ой болмайтын. Мен ол стильге де бейімделдім. 2025 жылдың қараша айында «хиджаб шешпеймін» деп айттым. Сол кезде сондай шешім қабылдадым. Бірақ уақыт өте әнге қатты жақын екенімді түсіндім. Ол менің өмірімде тастай салатын нәрсе емес екен. Мүмкін, басқа біреулерге жеңіл шығар. Негізі маған да жеңіл болғанын қалаймын. Бірақ менің табиғатыма, болмысыма, әр клеткама өнер сіңіп кеткен. Шыны керек, туыстарымның көбі, ағам хиджаб киюіме, өнерден кетуіме қарсы болды. Әлі де қарсы. Менің күшім сабырлықта. Үндемедім, ешкімге ештеңе айтпадым, дәлелдемедім. Ешкімнің ойы қатты маңызды болған жоқ. Әр адам өз өмірін сүреді. Қазір де хиджабты шешкенімді туыстарым қалай қабылдайтынын білмеймін. Бірі жақсы десе, бірі «ойыншық қылды» дейтін шығар. Алла жүректе не барын, ниетіңді біледі», — дейді ол.

Сондай-ақ, ол “хиджаб кигені үшін ақша алады” деген қауесетке де жауап берді.

”Ешқандай сектаға кірген жоқпын. Миым бар, не жақсы, не жаман екенін білеміз. Басқалары үшін жауапты емеспін, бірақ өзімнің ортамда хиджаб таққаны үшін ақша алатын адамдарды көрген жоқпын. Бірақ ондай айыптаулар болды. Біреулер “арабтар ақша төлеп хиджаб кигізді” деп айтады. Ол логикаға сыймайды. Менің жағдайымда мен хиджаб кимей тұрып көптеген рекламаларым болды. Маған бәрі тегін келетін. Үй болсын, киім болсын. Ақша төленетін. Мен соның барлығынан бас тартады деп ойлай ма?! Соның бәрінен бас тарту үшін қанша ақша төлеу керек? Керісінше, мен хиджаб кигелі бері көп ұсыныстардан бас тарттым. Видеолар түсірмейтін болдым. Басқа салаларда өзімді сынап көрдім. Сондай ниет болды. Кейбір жерде банкрот болдым. Шыны керек, көп шығын болды”, — дейді Айдана Меденова.