Алматы тауларында видеограф қар барысын видеоға түсіріп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 503.17
  • 600.89
-5 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы тауларында видеограф қар барысын видеоға түсіріп алды

Алматы тауларында видеограф қар барысын видеоға түсіріп алды

Алматы маңындағы таулы аймақта видеограф қар барысын видеоға түсіріп алды.

  • 30 Қаңтар
  • 4
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабаралайды.

Қар барысын түсіріп алған видеограф, блогер Әділет Рахметолла өзінің қуанышымен желідегі парақшасында бөлісті.

”Мен бақыттымын. Өмірімде алғаш қар барысын түсірдім”, — деп жазды ол.


Сирек кездесетін жыртқыштың кадрлары әлеуметтік желіде лезде таралып, санаулы сағатта 1 миллионға жуық қаралым жинады.

”Керемет”, “Ғажап құбылыс”, “Не деген сұлулық”, “Қарағанының өзі адамға рух береді”, — деп жазды желі қолданушылары.

Бейнежазбада қар барысының табиғи ортада еркін қозғалып жүргенін көруге болады.

Айта кетейік, қар барысы Қазақстанның Қызыл кітабына енген және ерекше қорғауға алынған жануарлар қатарына жатады.