Бұл туралы бүгін елордада Рамазан айына орай өткен Төралқа мәжілісінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Біз Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесінің және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріп, ортақ шешім қабылдадық. Алла қаласа, биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Ал наурыз айының 16-нан 17-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 20 наурыз – ораза айт мерекесі», — деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Назарларыңызға Астана, Алматы және Шымкент қалаларының кестесін ұсынамыз. Ал еліміздің өзге қалаларындағы ауызашар мен намаз кестесін мына сілтемеге өтіп көре аласыздар.


