"Қара тізімде екенімді білемін" - Алмас Кішкенбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 490.58
  • 584.77
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қара тізімде екенімді білемін" - Алмас Кішкенбаев

"Қара тізімде екенімді білемін" - Алмас Кішкенбаев

әнші Алмас Кішкенбаев қазақстандық телеарналарда қара тізімде екенін мәлімдеді.

  • 12 Ақпан
  • 11
Instagram

Бұл туралы ол instagram-дағы stories-де айтты деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Барлық телеарналарда қара тізімде екенімді білемін. Телеарналарда, қара тізімдер де өздеріңе. Қарапайым халықтың алдында мен жай ғана әншімін. Өнерімді құрметтейтін тыңдармандарым бар. Оны да артық көрсеңіздер, айтарға басқа сөзім жоқ», — деп жазды әнші.

Еске сала кетейік, Алмас Кішкенбаев 17 жасар жасөспірімге тиіскені үшін ұсталған еді. Кейін бала құқығы жөніндегі уәкіл Динара Закиева мәлімдеме жасап, әншінің «бұзақылық» бабы бойынша жауапқа тартылғанын айтқан еді.

Әнші кейін 15 күнге қамауға алынған еді.