Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Сауда нәтижесінде доллардың салмақталған орташа бағамы 494,28 теңге болып, 3,22 теңгеге өсті.
Ресей рублі 6,38 теңгеге (+0,02) көтерілді.
Қытай юанінің күндік саудадағы бағамы 71,56 теңге (+0,51) болды.
Ауыстыру пункттерінде доллар 494,2–496,4 теңгеден сатып алынып, сатылуда; еуро – 585,5–590,2 теңге, рубль – 6,36–6,47 теңге аралығында.
Әлемдік мұнай бағасы 12 ақпанда саудада өсті.
Лондондағы ICE (InterContinental Exchange) биржасында Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,16 долларға көтеріліп, баррельге 69,56 доллар болды.
Нью-Йорктағы NYMEX (New York Mercantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнайдың бағасы 0,21 долларға өсіп, баррельге 64,84 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллардың бағамын 490,58 теңге, еуроны – 584,77 теңге, рубльді – 6,34 теңге деп белгіледі.