Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап.
16-18 ақпан аралығында Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларында әскери техникалар тасымалданады. Соған байланысты автожолдардың жекелеген учаскелерінде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының азаматтарын, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін және әлеуметтік желі қолданушыларын жалған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамыз, – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.