"Ордабасы" жекеменшікке өтті: Шымкенттік клубты кім сатып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ордабасы" жекеменшікке өтті: Шымкенттік клубты кім сатып алды

"Ордабасы" жекеменшікке өтті: Шымкенттік клубты кім сатып алды

Шымкент қаласының әкімдігінде «Ордабасы» кәсіби футбол клубын жекешелендіру туралы меморандумға қол қойылды.

  • 16 Ақпан
  • 19
Фото: "Ордабасы" футбол клубының баспасөз қызметі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы «Ордабасының» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде футбол клубтарын жекешелендіру жүріп жатыр. Бүгін, яғни 16 ақпанда Шымкенттік клуб ірі инвестор Шахмұрат Мүтәліптің меншігіне өтті. Келісімге қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Integra Construction KZ» ЖШС басшылығы қол қойды.

«Бұл маңызды қадам Шымкенттің елдегі жетекші футбол орталықтарының бірі ретіндегі орнын нығайтады. Ол клубты ұлттық және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті етуге, мүмкіндіктерін кеңейтуге және кәсіби спорттың тұрақты дамуына қосымша ресурстар жұмылдыруға мүмкіндік береді», – деді Ғ.Сыздықбеков.

Өз кезегінде Шахмұрат Мүтәліп компанияның клубты дамытуды ұзақ мерзімді әрі әлеуметтік маңызы бар жоба ретінде қарастырылатынын айтты.

«Ордабасы» – тарихы бай әрі жанкүйерлері мықты қолдайтын клуб. Біздің алдымызда инфрақұрылымға, жас ойыншыларды даярлауға және бәсекеге қабілетті команда қалыптастыруға баса мән бере отырып, клубтың тұрақты дамуын қамтамасыз ету міндеті тұр», – деді ол.

Айта кету керек, меморандум мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру және коммерцияландыру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылған.

Ал клуб президенті қызметіне спорт менеджменті саласындағы тәжірибелі маман Дархан Еркінұлы Қызайбаев тағайындалды.

Дархан Қызайбаев 1990 жылғы 3 наурызда Алматы облысында дүниеге келген. 2009-2014 жылдары Америка Құрама Штаттарында білім алып, Penn State University университетінде «Экономика және халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін иеленді.

Коммерциялық және өндірістік салаларда басшылық қызметтер атқарып, стратегиялық даму және инвестициялық жобаларды іске асыру бағыттарына жетекшілік етті.

Сонымен қатар әр жылдары Дархан Еркінұлы бірқатар ірі өндірістік және халықаралық компаниялардың басқару органдарына мүше болды. Атап айтқанда, 2016 жылдан бастап коммерциялық және өндірістік ұйымдарда басқарушы лауазымдарда жұмыс атқарды.