Неге бұл қызды олимпиадаға апармаған, алтынды чемпионатта күреп алды - журналист 19 жастағы қазақ спортшысы туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 499.83
  • 581.5
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Неге бұл қызды олимпиадаға апармаған, алтынды чемпионатта күреп алды - журналист 19 жастағы қазақ спортшысы туралы

Неге бұл қызды олимпиадаға апармаған, алтынды чемпионатта күреп алды - журналист 19 жастағы қазақ спортшысы туралы

Белгілі спорт журналисі Ақырыс Сейтқазы коньки тебуден әлем чемпионатында бірнеше алтын алған Кристина Шүмекова жайлы өз ойын айтты.

  • 4 Наурыз
  • 8
Фото: Instagram/aqyrys_seitqazy

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Журналист өз ойын желідегі парақшасында білдірді.

«Кристина Шумекова деген қазақстандық конькиші қыз жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтынды күреп алды. 

500, 1000 және 1500 метрде әлем чемпионы атанып, 3000 метрде күміске қол жеткізді. Сондай-ақ, жалпы ұпай саны бойынша көш бастап, әлемнің абсолютті чемпионы атанды. 

Енді менде бір сұрақ бар. Бұл қызды неге Олимпиадаға апармаған? 19 жаста екен, қатысуға шектеу жоқ. Неге біз Ресейден келген 29 жастағы Елизавета Голубева мен 26 жастағы Кристина Силаеваны Миланға апарып, біреуінің жетінші орын алғанын мақтан тұтып жүрміз? 

Ақыры медаль болмаған екен, онда Кристина сияқты өз таланттарымыз шыңдала бермей ме? Неге біз бар күшін Ресейге сарқып беріп, әлем чемпионатының алты медалін туған жеріне сыйлаған Голубеваны көкке көтереміз? 

Тіпті, 1000 метрге жүгіруде Шумекованың нәтижесі Голубеваның Олимпиададағы көрсеткішінен сәл жақсырақ екен. Шыны керек, осы легионер спортшылар әбден шаршатты. Күресте де жүр Шамиль Ожаев деген біреу, көрсетіп жатқан түк нәтижесі жоқ. 

Маған Шумековаға қатысты екіұдай пікірлер жетті. Бірі оның Олимпиададан өзі бас тартқанын айтады. Бірақ Олимпиададан кім бас тартуы мүмкін? Тағы бір ақпар бойынша, команданың бас бапкері мен Кристинаның жеке бапкері бір-бірін жақтырмайды дейді. Соның салқыны да тиюі мүмкін. 

Негізі, Михаил Шайдоров та 2022 жылғы Олимпиадаға баруы тиіс еді. Ол сол жарыс қарсаңында төрт айналым тулупты секіріп жүрген. Оны да әдейі жібермей қойды. Жақында осы жайлы толық айтамын», — деп жазды ол.