Елімізде сәби өлімі рекордтық деңгейде төмендеді  - kaz.caravan.kz
  • $ 493.85
  • 571.78
+1 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде сәби өлімі рекордтық деңгейде төмендеді 

Елімізде сәби өлімі рекордтық деңгейде төмендеді 

Былтыр Қазақстанда 1 жасқа дейінгі 2 мыңнан астам бала шетінеді.

  • 10 Наурыз
  • 4
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Былтыр Қазақстанда 1 жасқа дейінгі 2 мыңнан астам бала шетінеді – бұл бақылау тарихындағы ең жақсы көрсеткіш. Кейінгі онжылдықта сәби өлімі шамамен 2 есе азайды.

Өткен жылы 1 жасқа дейін шетінеген балалар саны 24,2%-ке қысқарды. Әсіресе ауылдық жерлерде жағдай айтарлықтай жақсарған.

Ең жақсы көрсеткішті Ақтөбе облысы (-48%), Ақмола облысы (-42,9%) және Қостанай облысы (-42,5%) көрсетті. Ал ең төмен көрсеткіш Шығыс Қазақстан облысында байқалды: 2024 жылы 46 баладан 2025 жылы 45 балаға (-2,2%) азайды.

Ең көп 1 жасқа дейінгі балалар өлімі халық тығыз қоныстанған оңтүстікте тіркелді: Түркістан облысында – 325, Алматы облысында – 176, Алматы қаласында – 155, Шымкент қаласы мен Жамбыл облысында – әрқайсысында 150 бала. Ал ең төмен көрсеткіш Ұлытау облысында – 24 бала.

2025 жылы мың нәрестеге шаққандағы өлім коэффициенті алғаш рет ел тарихында 6-дан төмендеп, 5,97 болды. Он жыл бұрын, яғни 2015 жылы ол 9,46 болған. Яғни кейінгі он жылда көрсеткіш шамамен 40%-ға төмендеген.

Қала мен ауыл арасындағы айырмашылық әлі бар, бірақ азайып келеді: 2025 жылы қалаларда 1 мың туған нәрестеге шаққанда 5,53 бала шетінесе (2024 жылы – 6,46), ауылдарда 6,66 бала көз жұмды (2024 жылы – 7,92).