"Алименттен алып тастауымды өтінді": Мөлдір Әуелбекова экс-күйеуінің кешірім сұрағанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 491.59
  • 572.16
-7 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Алименттен алып тастауымды өтінді": Мөлдір Әуелбекова экс-күйеуінің кешірім сұрағанын айтты

"Алименттен алып тастауымды өтінді": Мөлдір Әуелбекова экс-күйеуінің кешірім сұрағанын айтты

Әнші Мөлдір Әуелбекова ұлы Сартайдың әкесі хабарласып, кешірім сұрағанын мәлімдеді.

  • 11 Наурыз
  • 120
Фото: www.instagram.com/moldir.auyelbekova

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында экс-күйеуі ұлының бар шығынын өз мойнына алғанын айтты.

«Екі ай бұрын Арыстанды алиментке бердім. Ал бүгін, ол маған өзі хабарласып, өткен кеткенге кешірім сұрап, балаға әке ретінде қамқор боламын деді… Толық шығындарын өз мойнына алатынын айтып, алименттен алып тастауымды өтінді…Кештім… Алла үшін… Ұлым үшін… 10 жылға созылған тұман сейілсін… Жақсы ата-ана болуға тырысамыз деп шештік. Өмірімнің әрбір сәтін менімен өткеріп жүрген тілеулестерім — сіздерге рақмет!», — деп жазды ол.