Маған да оңай емес, күндіз-түні дұғадамын - Жанабылотовтардың анасы алғаш рет болған жайтқа қатысты өз шындығын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 482.32
  • 553.37
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маған да оңай емес, күндіз-түні дұғадамын - Жанабылотовтардың анасы алғаш рет болған жайтқа қатысты өз шындығын айтты

Маған да оңай емес, күндіз-түні дұғадамын - Жанабылотовтардың анасы алғаш рет болған жайтқа қатысты өз шындығын айтты

Астанада отбасылық блогерлер Жанәбіловтардың сот отырысы жүріп жатыр.

  • 19 Наурыз
  • 23
Instagram/Ерболат Жанабылов

Блогердің анасы аталған жағдай бойынша алғаш рет өз шындығын айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында жазды.

«Ерболат балам мектептегі концерттер мен жиналыстарды ешқашан жібермейтін. Бірақ соңғы жағдайларға байланысты бұл жолы келе алмады.

Немерем қазіргі болып жатқан жағдайларды, әкесінің сотта отырғанын білмейді. Сондықтан әкесінің жоқтығын білдіртпей, өзім барып қолдау көрсетіп жүрмін.

Біздің отбасымызға қолдау білдіріп жатқан жандарға Алла разы болсын көп рақмет.
Маған да оңай емес. Күндіз түні балаларым үшін дұға жасап жүрмін», — деп жазды анасы.