Әлеуметтік көмек пен жастарды жұмыспен қамту – 2026 жылға басты басымдықтар  - kaz.caravan.kz
  • $ 481.54
  • 553.24
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
31 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлеуметтік көмек пен жастарды жұмыспен қамту – 2026 жылға басты басымдықтар 

Әлеуметтік көмек пен жастарды жұмыспен қамту – 2026 жылға басты басымдықтар 

Келіссөздер барысында 2026 жылға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары талқыланып, оның негізгі 6 іс-шарасы анықталды.

  • 31 Наурыз
  • 4
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Асқарбек Ертаев Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Тұрақты өкілінің орынбасары Сухроб Ходжиматовпен кездесті. Кездесу барысында тараптар 2026-2030 жылдарға арналған Елдік бағдарлама аясындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын және қол қойылған Ниет туралы мәлімдемені талқылады.

Асқарбек Ертаев БҰҰДБ-мен көпжылдық серіктестіктің стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Министр әлеуметтік саланы дамытудың басымдықтарына, оның ішінде нақты мұқтаждықты бағалау арқылы атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге, жұмыспен қамтуды арттыруға, көші-қон саясатына цифрлық мониторинг енгізуге, арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін стандарттауға, инклюзивті қоғам құруға және жасанды интеллект технологияларын пайдалану мәселелеріне ерекше тоқталды.

Келіссөздер барысында 2026 жылға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары талқыланып, оның негізгі 6 іс-шарасы анықталды. Оған цифрлық жұмыспен қамту қызметін дамыту, сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта даярлау және оқыту орталығын құру, сондай-ақ инновациялық техникалық көмекші оңалту құралдарын БҰҰ жаһандық сатып алу жүйесі арқылы алу кезінде сараптамалық қолдау көрсету кіреді.

«БҰҰ Даму бағдарламасы ауқымды реформаларды іске асырудағы сенімді серіктесіміз болып қала береді. Бұл ниет туралы мәлімдеме әлеуметтік саланы цифрландырудағы табыстарымызды бекітіп қана қоймай, министрліктің алдында тұрған жаңа сынақтар мен міндеттерге озық шешімдер әзірлеуге мүмкіндік береді», – деді Асқарбек Ертаев.

Сонымен қатар, бірлескен жоспар аясында мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, әйелдердің жұмыспен қамтылуын қолдау және жастарды еңбек нарығына интеграциялау бағытындағы бастамалар жалғасатыны айтылды.

Сухроб Ходжиматов Қазақстандағы әлеуметтік-еңбек саласының жаңғырту қарқынын жоғары бағалап, БҰҰДБ министрліктің бастамаларын бұдан әрі сараптамалық және техникалық қолдау көрсетуге дайын екенін растады. Кездесу қорытындысы бойынша барлық жоспарланған жобаларды уақтылы және сапалы іске асыруға келісімге келді.