Ақмола облысында бөгет жарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.46
  • 543.1
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында бөгет жарылды

Ақмола облысында бөгет жарылды

Қорғалжын ауданында "Шоптыкөл" бөгетінің жарылғаны тіркелді. Гидротехникалық нысан Сабынды ауылынан солтүстікке қарай 2 шақырым жерде орнал

  • 6 Сәуiр
  • 6
Фото - Caravan.kz

Қорғалжын ауданында «Шоптыкөл» бөгетінің жарылғаны тіркелді. Гидротехникалық нысан Сабынды ауылынан солтүстікке қарай 2 шақырым жерде орналасқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнында суды қауіпсіз өткізу бойынша жедел жұмыстар жүргізілуде. Салдарды жоюға ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар, аудандық полиция бөлімі, сондай-ақ жол қызметтерінің күштері мен құралдары жұмылдырылған.

«Барлығы шамамен 170 қызметкер және 43 техника бірлігі тартылды. Бөгетті нығайту, инертті материалдар төсеу және суды бұру жұмыстары жүргізілуде. Жағдай ТЖМ-нің тұрақты бақылауында», – деп мәлімдеді министрлік.

Бұған дейін Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланған болатын.